«ӘЛЕМНІҢ 100 ҮЗДІК ОҚУЛЫҒЫ»
Ғылыми кітапхана қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықпен толықты. Жаңа оқулықтар дүние жүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, педагогика, интернет-психология, стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, дипломатия және өнертану саласындағы кең ауқымды білімді қамтиды.
Көптеген белгілі еңбектер әлемнің ондаған тіліне аударылды және әлемдік гуманитарлық білім беруді дамытуға ықпал етті. Бұл кітаптарды қазақ тіліне аудару мен басып шығару қазақ жоғары білім берудің дамуына және ғылымның нығаюына елеулі үлес қосады. Кітап аудару жұмысына жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары, редакторлар, тәжірибелі аудармашылар мен лингвистер қатарынан 300-ден астам мамандар қатысты. Оқулықтардың электрондық нұсқалары кітапхана сайтында және «Қазақстанның ашық университеті» порталында – www.OpenU.kz, www.100kitap.kz сайтында еркін қолжетімді.