2019 жылдың 2 қыркүйек күні ғылыми кітапхананың оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде дүние жүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, педагогика, интернет-психология, стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, дипломатия және өнертану саласындағы кең ауқымды білімді қамтитын оқулықтардың 50 атауы қойылды.
Көрмеге қойылған оқулықтар оқу процесінде жиі қолданылып жүр.
Ғылыми кітапхана