ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАЙДЫ

ҚазҰАУ кітапханашылары мен ҚазҰПУ-дың кітапханашыларының тәжірибе алмасуы

    2019 жылдың 11 желтоқсан күні ғылыми кітапхана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапхана директоры  Нұргүл Имансыдыкова бастаған он бес кітапхана қызметкерлеріне өзара тәжірибе алмасу мақсатында ақпарат күнін ұйымдастырды. Кітапханашылар ғылыми кітапхананың оқу залдарын, абонементін аралап, танысты.

    Жиынды ғылыми кітапхана директоры А.Айтуарова ашып, ұжымның атынан әріптестерге жылы ықыласын білдірді.

    Кітапхана директоры А.Айтуарова кітапхананы таныстыру барысында жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге тоқталып, кітапхана ісінің дамуына және кітапхана саласында кездесетін мәселелерді талқылап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқу ордасы басшыларының кітап, кітапхана, кітапханашы тағдырына бей-жай қарамайтындығын да атап өтті.

    Өз кезегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми кітапхана директоры Н.Имансыдыкова өз-тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта да тәжірибе алмасу жұмысының жалғасуына ұсыныс жасады. Кітапханашылардың атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, кәсіби тәжірибе алмасудағы алған мүмкіндіктеріне ризашылықтарын білдіріп, әріптестеріне шығармашылық шабыт пен идеяларының табысты жүзеге асырылуларына тілектестік білдірді.

    Іс-шара соңында ғылыми кітапхана директоры Азиза Айтуарова қорытындылады.

Ғылыми кітапхана