«Znanium.com» ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігі ұсынылады

     Ғылыми кітапхана «ИНФРА-М» баспасының «Znanium.com» электронды кітапханасының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігін ұсынады.

    Электронды кітапхана жүйесінің ресурстары https://new.znanium.com/ сайты арқылы 16.01.–15.03.2020 жж. аралығында қолжетімді.

     Кіру мүмкіндігі университеттің IP-адресімен жасалынады. 

   Znanium.com ЭКЖ қоры 35000 кітаптар мен журналдарға, диссертацияларға, ғылыми еңбектер жинақтарына, энциклопедиялар мен университеттерге арналған анықтамалықтарға он-лайн режимде қол жетімділікті ұсынады және гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардағы жарияланымдардың жаңа электронды нұсқаларымен үнемі жаңартылып отырады.

Znanium.com ЭКЖ  бейне семинарлары, дәрістері, презентациялары және нұсқаулары YOUTUBE-INFRA-M каналында ұсынылады: https://www.youtube.com/channel/UC8lr8z9q-gDQbTXcrxsRasQ.

Ғылыми кітапхана