2021 жылдың 12 cәуірінде Ғылыми кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» атты жаңа орталық ашылды. «Парасат жолы» орталығының кітапханалардан басталуы заңды деп білеміз, себебі білім мен парасаттың қайнар көзі – кітапта. Біз үшін жастардың болашағы маңызды. Бұл студенттер мен ғалымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ.
ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрасасы Қ.А.Токушев мырза келіп орталықтың келешекте атқаратын жұмысымен танысты.
Бұл орталықта тұрақты «Парасат жолы – адалдық жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау.
«Парасат жолы» орталығында адалдыққа, парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіледі және ғылыми кітапхананың веб-парағында жүктелген видео-роликтер көрсетіліп тұрады.
Ғылыми кітапхана