Құрметті студенттер!

Жаңа оқу жылы құтты болсын, сіздер үшін жемісті де, жеңісті жыл болсын!
Университеттің ғылыми кітапханасы 1-курс студенттеріне  бағдарлау аптасы аясында  кітапханалық-библиографиялық сабақтар, абонемент, оқу залдарымен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Сіздерді кітапхананың кітап қорымен, электрондық ресурстарымен, оларды қолдану мүмкіндіктерімен таныстырады.

Бағдарлау апталық 04-15.09.2023 ж., күндері аралығында, 10.00 ден-17:30-ға дейінгі уақыттарда, №3 оқу ғимаратындағы ғылыми кітапхананың, №1 оқу залы мен электронды оқу залында өтеді.

Бірінші курс студенттері, сіздерді күтеміз!