Кітапхана туралы

Кітапхана туралы


ҚазҰАЗУ ғылыми кітапханасының құрылымына 5 бөлім кіреді:

  • Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
  • Ғылыми-библиография бөлім
  • Әдістеме жұмыстар бөлімі
  • Автоматтандыру бөлімі
  • Каталогтарды ұйымдастыру және жинақтау бөлімі; әдебиеттерді және ақпарат банкін ғылыми өңдеу секторы.

Кітапхананың жалпы ауданы – 5104,9 ш.м., кітап қоймасының ауданы – 1939,95 ш.м., абонементтер ауданы – 1225,2 ш.м., оқу залдарының жалпы ауданы – 1359,55 ш.м., оқу залдарындағы орын саны – 860.

Кітапханада оқырмандарға 4 абонементте және 10 оқу залдарында қызмет көрсетіледі. Абонемент №1 №3 оқу ғимаратында, абонемент №2 №10 оқу ғимаратында, абонемент №3 №4 оқу ғимаратында, абонемент №4 №6 оқу ғимаратында және кітап қоймалары №3, №6, №10 оқу ғимараттарында орналасқан. 5 оқу залдары университеттің оқу ғимараттарында орналасқан және 5 оқу залдары студенттер үйінде орналасқан. Сессия уақытында оқу залдары оқырмандарға сағат 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

2014 жылдан бері оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде оқу басылымдарын беру электронды түрде жүргізіле бастап, оқырман картотекасы енгізілді. Электронды кітап беру –  КАБИС бағдарламасын ендіру арқылы оқырмандарға ұсынылатын жаңа заманауи қызмет.

Арнайы оқу залдары бар: ғылыми оқу залы, мерзімдік басылымдар оқу залы, электронды оқу залы.

Каталогтарды ұйымдастыру және жинақтау бөлімі Бөлімнің міндеті университеттегі мамандықтарға сәйкес өз пайдаланушыларына дәстүрлі және электронды ақпараттардың мемлекеттік және басқа да тілдердегі құжаттар қорын қалыптастыру болып табылады. Қорға түскен жаңа әдебиеттер мен басқа да құжаттарды ғылыми жүйелеу, каталогтандыру, техникалық өңдеу жұмыстарын дәстүрлі және автоматтандырылған жүйеде жүзеге асырып, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады. Жинақтаудың негізгі көзі – кітап дүкендері, баспалар, жылына 300-ден астам мерзімдік басылымдарға жазылады.
Автоматтандыру бөлімі Автоматтандыру бөлімі – негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруды программалық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толықмәтінді деректер базаларын, университеттің электрондық кітапханасын құрады, сырттан толық мәтінді деректер базаларын «РЖООАЭК», «ҚазҰЭК» «THOMSON REUTERS», «Polpred.com», «Scopus», «ScienceDirect», CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады.
Әдістемелік жұмыстар бөлімі Әдістемелік жұмыстар бөлімі – кітапхананың бөлімдері қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті жетілдіруде кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді. Қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша іс-шараларды – конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Кітапхана ісінің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, насихаттап, өз қызметіне енгізеді.
Ғылыми-библиография бөлім Ғылыми-библиография бөлім – электронды каталогтың қазақ және орыс тілдерінде мақалалардың ДҚ, ИРИ және ДОР жүйесі бойынша ақпараттық қызмет көрсетеді. ҚазҰАЗУ ғалымдарының дербес көрсеткіштерін, ақпараттық бюллетендер «Жаңа әдебиеттер», әдебиеттің ақпараттық тізімдерін қазақ және орыс тілдерінде шығарады. Жаңа әдебиеттер бойынша «Кафедралар күні», «Ақпарат аптасын», тақырыптық көрмелер, әдебиеттік шолулар, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастырады. Университеттің 1-ші курс студенттерімен жыл сайын библиографиялық сабақтар өткізіледі.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Ғылыми кітапхананың оқырмандары – университеттің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері. Кітапханалық және ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету оқырмандардың барлық санаттарына бірыңғай оқырман билеті арқылы жүзеге асады. Оқу залы тек ағымдағы жылға қайта тіркелген студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне бірыңғай оқырман билеті бойынша қызмет көрсетеді. Абонементте кітапхананың электронды каталогы бойынша ізденіс жасауға немесе сұранысын нақтылауға автоматтандырылған жұмыс орны жабдықталған.