«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

2026 жылдың  16 сәуір күні  ғылыми кітапхана «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясын Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай  ұйымдастырды.
Кітапханаға кітап сыйла” акциясы аясында  Ғылыми кітапхана жаңа қазынамен толықты!

Кітап сыйлау – тек игі дәстүр ғана емес, болашақ ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Акция барысында кітапхана қорына құнды кітаптар қосылып, оқырмандарға білім мен шабыт әкелді.

Барлық қатысушыларға үлкен алғыс!