«Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол» атты ісшараның ашылу салтанаты.

2026 жылғы 15 сәуір күні Ғылыми кітапхана Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол» атты онкүндіктің салтанатты ашылуын өткізді.
Іс-шара аясында «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Кім көп біледі?» атты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер сайысы өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әрі жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау.

Баршаңызды онкүндік аясында өтетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!