«Латын әліпбиі – Тәуелсіздік тұғыры»

   

   2019 жылдың 30 қазан күні Ғылыми кітапхана Латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын ұйымдастыратын «Латын әліпбиі –Тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел өткізді. ​

   Жиын модераторы – Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Жадыра Абатова жиынды ашып, өз ойларын білдіру үшін студенттерге сөз берді.

   «Агрономия», «ТППЖ» және  «Су ресурстары» мамандықтарының 1-2 курс студенттері Ж.Ергешбаева, М.Сәтбай, К.Адилдаева, А.Елболсын,  Ә.Қуандықтардың баяндамалары тыңдалды.

    Аталған іс-шараға кітапханашылар, оқытушылар және студенттер қатысып, латын әліпбиіне қатысты өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды.

   Шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды.

    Іс-шара барысында «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі К.Т.Молдабекова латын әліпбиі – бүгінгі таңда күн тәртібіне қойылып отырған алдағы қатарлы мәселелердің бірі екендігін айтып өтті.

    «Өсімдік қорғау және карантин», «Су ресурстары», «Есеп және аудит» мамандықтарының 1-2 курс студенттері Ш.Хаки, Б.Көбей, А.Болатовалар пікірлерін білдіріп, өз сұрақтарын қойды.

  Кітапхананың «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Б.К.Мәдібаева жиынға қатысушылардың сұрақтарына  жауап берді.

     Бүгінгі таңда сағат сайын электронды құралдар жаңғыру үстінде. Сол себепті де, уақыттың талабына, ақпараттық заманның талаптарына сай болу қажет. Осыған байланысты Жадыра Абатова латын графикасын пернетақтадан жылдам терудің әдістерімен таныстырды.

     Қорыта келгенде пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланып,  аталған шараға оң баға берілді.

 

Ғылыми кітапхана