2026 жылғы 23 сәуір күні Ғылыми кітапханада Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай ұйымдастырылған «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол» атты онкүндіктің салтанатты жабылуы өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Онкүндік аясында кітап көрмесі, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер сайысы, көрме-викторина, әдеби вернисаж, дөңгелек үстел және диспут ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар өздері оқыған қызықты кітаптар туралы ой бөлісіп, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
«Ұлттық кітап күні» аясындағы іс-шараларға белсенді қатысқан білім алушылар, оқытушы-профессорлар құрамы және ғылыми қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында оқырмандар ғылыми кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

FACEBOOK
INSTAGRAM
WHATSAPP








