«Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» атты іс-шара

2026 жылдың 21 сәуір күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасында «23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні» онкүндігі аясында «Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында студенттер Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасы туралы баяндама жасап, слайдтар ұсынып, викториналық сұрақтарға жауап берді. «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шарада «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысы Ахантаева Гүлазия Жағыпбарқызы ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, жастарды кітап оқуға шақырды. Іс-шара мазмұнды әрі тағылымды өтті.