Ғалым-ұстаз Ажес Сейтешев – 90жаста!

    Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 2019 жылдың 22 қарашасында Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.П.Сейтешевтің 90 жасқа толуына байланысты мерейтойлық іс-шара өткізді. Осы аталған іс-шараға ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды.

Академик Сейтешев Ажес Петрович 40 жылдан астам уақыт философияны, педагогиканы, психологияны ғылыми зерттеумен айналысып, әлеуметтану, техника, геронтология, психология экология, эргономика, гендік инженер және педагогика бойынша 58 монография, 12 оқулық, 200 кітап және 10 000-нан астам ғылыми мақала жариялады. Ғылыми мектеп қалыптастырып, білікті шәкірттер тәрбиелеген ғалым – ҚазҰАУ жас ғалымдарына ұмытылмайтын, үлгі болатын ерекше тұлға.

Ғылыми кітапхана