Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басты ғимаратындағы №84 аудиториясында оқытушыларға, PhD докторанттарға және ғылыми қызметкерлерге арналған Elsevier деректер қорының «Ғылыми мақалаларды дайындау және оны баспаға беретін журналды таңдауда ScienceDirect және Scopus-ты қолдану» тақырыбы бойынша семинар өтті.
Семинар барысында Elsevier компаниясының ақпараттық шешімдер жөніндегі кеңесшісі Андрей Локтев ScienceDirect толықмәтінді деректер қорының заманауи мүмкіндіктеріне аса назар аударды, сонымен қатар әлемдегі ең ірі реферативті және аналитикалық ғылыми басылымдардың қоры Scopus бойынша да презентациясын ұсынды. Ол журналды таңдауда қандай критерийлерге баса назар аудару керектігін, авторлық профиль бойынша басылымдарды қалай қадағалауға болатындығын және тағы да басқа сұрақтарды қамтыды.
Қатысушылар арасында түрлі сұрақтар қойылып, өздеріне қажетті ақпарат алып отырды.
Семинар материалдарын осы сілтеме бойынша алуға болады.