Прайс-парақтары
Мерзімді басылымдар
Мерзімді басылымдар каталогы_2022
Мерзімді басылымдар каталогы_2021
Мерзімді басылымдар каталогы_2020
Ғылыми кітапхананың университет оқытушыларынан оқу процесіне қажетті басылымдарға тапсырыс қабылдау тәртібі.
Тапсырыс арнайы «Тапсырыс бланкі» бойынша жүзеге асырылады. Тапсырыс жасалмас бұрын ең алдымен басылымның кітапхана қорында барын немесе жоқ екенін электронды каталогтан тексеру қажет. Тапсырыста мамандықтың және оқытылатын пән атауы толық көрсетілуі керек. Тапсырыс жасалған кезде бұл басылымның негізгі немесе қосымша оқулық екені көрсетілуі қажет.
Тапсырыс кафедра оқытушыларымен келісіліп, кафедра меңгерушісінің және «Білім беру бағдарламаларын жобалау» бөлім басшысының қолы койылып, «Ғылыми кітапхана» директорымен келісілуі тиіс.
Ғылыми кітапхана оқу әдебиетін қалыптастыру кезінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымы кітапханасының қорын қалыптастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №44 бұйрығын басшылыққа алады.
2. Кітапхана қорын қалыптастыру:
10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларында:
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары – кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған соңғы он жылдағы баспа және электрондық басылымдар форматындағы оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының, сондай-ақ білім алушылардың қосымша, анықтамалық, ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, көркем және публицистикалық әдебиеттердің болуы.
21. Мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының оқулықтар әдебиеттері қоры мемлекеттік білім беру ұйымының жалпы кітапхана қорының кемінде алпыс бір пайызын құрайды.
30. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларына түсетін жаңа түсімдердің көлемі:
3) мемлекеттік жоғары білім беру ұйымдарының кітапханалары:
– жыл сайын қолда бар бірыңғай кітапхана қорының кемінде үш-бес пайызы;
– соңғы бес-он жылда бүкіл оқулық кітапхана қорының кемінде жиырма бес пайызы нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
31. Оқу басылымдары мен құжаттар мемлекеттік білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша өтінімі бойынша, сондай-ақ алдын ала тапсырыс негізінде сатып алынады, ол пәннің атауын және оны оқып жатқан білім алушылардың санын көрсете отырып, ақпараттың библиографиялық көздері бойынша қарау және іріктеу арқылы жасалады. Кітапхана тапсырыс берілген басылымның данасын пәннің қамтамасыз етілуіне қарай түзетеді.
Кітаптарға тапсырыс бланкісін жүктеу |
Электронды ресурстарға тапсырыс бланкіcін жүктеу |
Мерзімді басылымдарға тапсырыс бланкісін жүктеу |