2018 жылдың қараша айында ғылыми кітапхана мен «Технология және биоресурстар» факультетінің ұйымдастыруымен ғылыми кітапхананың оқу залында «Жастар Елбасы Жолдауын қолдайды» атты тақырыптағы конференция өтті.
2018 жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы жолдау талқыланды. Жолдаудың барлық тараулары бойынша жалпы шолуды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі – Мәдібаева Б.К., жолдаудың 3-тарауы «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» тақырыбы бойынша шолуды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекші кітапханашысы – Сыдықова Ұ.М., жолдаудың 4-тарауы «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» тақырыбы бойынша шолуды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекші кітапханашысы – Көбеева Б.К. жасады.
Жолдауды талқылау барысында «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының профессоры – Жұман Саят, аға оқытушысы – Баймұратова Гүлмира, ғылыми кітапхананың ғылыми библиография бөлімінің меңгерушісі – Ақшалова Айгүл өз пікірлерін білдірді. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне білімді кадрлар өте қажет екенін, әр адам азда болса үлесін қосып, мемлекетке пайдасын тигізуге атсалысу үшін жастарды тәрбиелейтін, жігерлендіретін сөздер айтылды.
Жолдауды талқылауға арналған конференция маңызды өте тартымды өтті.
Ғылыми кітапхана