Scopus дерек қорының семинары туралы

    Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен 2019 жылдың 24 қыркүйегінде №84 аудиторияда оқытушыларға, PhD докторанттарға және магистранттарға арналған Scopus деректер қорының «Scopus ДҚ пайдаланып ғылыми мансапты дамыту» тақырыбы бойынша семинар өтті.

     Семинар барысында Elsevier компаниясының ақпараттық шешімдер жөніндегі кеңесшісі Андрей Локтев әлемдегі ең ірі реферативті және аналитикалық ғылыми басылымдардың қоры Scopus бойынша  мағлұмат берді. Ол журналды таңдауда қандай критерийлерге баса назар аудару керектігін, журнал метрикасы CiteScore, процентиль және квартиль ұғымдарына тоқталды.

    Қатысушылар арасында түрлі сұрақтар қойылып, өздеріне қажетті ақпарат алып отырды, жоғары процентилі бар журналдарды қалай таңдау керектігі туралы білді.

Ғылыми кітапхана