«Библиороссика» баспасының электронды кітапхана жүйесінің ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігі ұсынылады

     Ғылыми кітапхана «Библиороссика» баспасының электронды кітапхана жүйесінің ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігін ұсынады.

     Электронды кітапхана жүйесінің ресурстары http://bibliorossica.com. сайты арқылы 11.03.–11.04.2020 жж. аралығында қолжетімді.

     Зерттеушілерге, оқытушылар мен студенттерге арналған заманауи электронды кітапхана жүйесі - 
"Библиороссика" ЭКЖ төмендегі ресурстарын ұсынады:
   - Гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы өзекті ғылыми және оқу әдебиеттері;
   - Ресейдің жетекші ғылыми баспаларының 20000-нан астам толықмәтінді оқулықтары, оқу құралдары, 
монографиялар мен журналдары, сонымен қатар электронды түрдегі көркем әдебиеттері;
   - 2019 жылғы және одан бұрынғы басылымдар.
    Қызметтер:
   - Барлық немесе таңдалған жарияланымдардан толық мәтінді іздеу;
   - Таңдалған көздердің тізімін жүктеу;
   - Библиороссика университеттерге де, жеке пайдаланушыларға да кіруге мүмкіндік береді.

     Кіру мүмкіндігі университеттің IP-адресімен жасалынады.

Ғылыми кітапхана