«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасап отыр.
ҚазАЗУ ғылыми кітапхана сайтында цифрлы формат түрінде қазақ тіліне аударылған тұңғыш 56 оқулық орналасқан.
Ғылыми кітапхана осы маңызды және ауқымды жобаны насихаттау мақсатында біздің оқырмандарға «100 жаңа оқулық» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырып отыр. Толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: Виртуалды көрме