«Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы ғылыми кітапхана қорына табысталды»

2026 жылғы 10 маусымда Ғылыми кітапханада «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қолдауымен қазақ тілінде қайта басылып шыққан көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының кітапхана қорына қабылдануына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Қатысушылар романның ұлттық рухани мұраны сақтаудағы маңызына тоқталып, жастардың тарихи танымы мен мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Іс-шара барысында Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы Ғылыми кітапхана қорына салтанатты түрде табысталды.