Ақын, аудармашы, публицист Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Ғылыми кітапхана, Университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменті және мұражайдың ұйымдастыруымен Қазақстан және ҚССРО жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы, публицист Жарасбай Нұрқановтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші ғылыми кітапхананың  оқу залында өтті.

Кешке ақынның жары – «Қазақстан» телекомпаниясының ардагер журналисті, Қазақ радиосының үздігі, қоғам қайраткері Нұрқанова Қазина Садуақасқызы қатысты.

Қазина Садуақасқызы ақынның өмірін, еңбек жолдарын, жазған еңбектері мен шыққан белестерін нақышына келтіріп әңгімелеп, өлеңдерінен шумақтар оқып берді.

Қазина Садуақасқызы университеттің кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін бірнеше жылдар бойы атқарған. Университеттің өркендеуіне қосқан ерең еңбегі үшін университетіміздің 85 жылдық мерей тойына арналған «Алтын» төсбелгісімен университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы Тіріболсын Омарбекұлы марапаттады.

Кешке қатысқан оқырмандар үлкен қызығушылық тудырып, ризашылықтарын білдірді.