«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» ғылыми семинары өтті

19 қыркүйекте Ғылыми кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Әлеуметтану» пәні бойынша қазақ тіліне аударылған оқулықтарды университет оқытушылары және студенттері арасында таныстыру, түсіндіру және талқылау мақсатында университеттің Ғылыми кітапханасы, «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті.

Семинарда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған «100 жаңа оқулық» жобасымен шығарылған 17 оқулықтың білім саласындағы маңыздылығына тоқталып, барлық оқу орындарында осы кітаптардың негізінде білім алуға мүмкіндік жасалып отырғандығы туралы айтылды. Студенттер де белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Оқулықтарды кітапханадан және кітапхана сайтынан толық мәтінде оқуға болады.

Ғылыми кітапхана