Университет факультеттерінде көшпелі кітап көрмесінің өткені туралы

 

Ғылыми кітапхана 2019 жылдың 11-29 наурыз аралығында барлық факультеттерде Рухани жаңғыру «Біздің күшіміз бәсекеге қабілетті ғылымда» атты 2018 жылы түскен жаңа кітаптардың көшпелі көрмесін өткізді.

 

Көрмеге келген қонақтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2018 жылы ғылыми кітапханаға келіп түскен қазақ тіліне аударылған шетелдік авторлардың кітаптарымен таныса алды – бұл Стивен Р. Ковидің «Жасампаз адамның 7 дағдысы» және Ювал Hoй Хараридің «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабы.

Бұл шараға 1843 оқырман қатысып, көрмені жақсартуға 46 оқырман тілектерін жазды.Мұндай көрмелер ғылыми кітапхананың барлық оқырмандарына қажетті және пайдалы.

Ғылыми кітапхана