2019 жылдың 04 сәуірі күні ғылыми кітапхана «Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығының ашылуы мен кітап көрмесін ұйымдастырды. Жоспарға сәйкес, «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасымыздың өмірі мен қызметін барлық жастардың үлгі тұтуы, идеялары мен бастамаларын, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, жастарды лидерлік қасиетке, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.
Ғылыми кітапханада Елбасының өмірі, қызмет хроникасы, атқарған жұмыстары жайлы үш тілде жазылған дәстүрлі түрдегі еңбектерімен қатар, электронды нұсқасы да оқырмандарға ұсынылып отыр, кітапхана қоры жаңа кітаптармен, құнды материалдармен үнемі толықтырылып тұрады.
Сондай-ақ, оқырмандарымыз өздеріне қажетті қосымша ақпараттарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының электронды ресурстарын пайдалану арқылыда ала алады.
Іс-шарасына 52 оқырман қатынасты. Белсенділік көрсетіп баяндама, слайд, жарыссөзге қатынасқан 14 студент пен 4 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.