«Тілім менің – өмірімнің айнасы» дөңгелек үстелі

   

    2019 жылдың 16 қазан күні ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тілім менің – өмірімнің айнасы» атты дөңгелек үстел ғылыми кітапхананың оқу залында өтіп, кітап көрмесі қойылды. Дөңгелек үстелге «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары, кітапхана қызметкерлері және «Су, жер, орман ресурстары» факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

   Ғылыми кітапхана қабырғасында өтетін әр түрлі іс-шараларға Тебегенова Алтынарай Темірханқызы басшылық ететін «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары үнемі белсене ат салысады.

     Ғылыми кітапхана директоры Айтуарова Азиза Малдыбайқызы жиналған жастарға тіл мәртебесін көтеру және тіл тазалығын ұстау туралы айтып, іс-шараны ашты.

     Дөңгелек үстелді жүргізген оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекші кітапханашысы Нұрелова Майра Мұсаханқызы болды.

 

    Іс-шара барысында «Су ресурстары» мамандығында оқитын 1 курстың студенттері тіл туралы өлеңдер оқып, ғұлама жазушыларымыздың нақыл сөздерін келтірді. Жастарымыздың ана тілге деген құштарлықпен өз жүректерінен шығарған өлеңдері тыңдалды, күй тартылып әндер орындалды. Осындай өте алғыр, зейінді, өнерлі жастардан ана тілімізге деген құрмет ешқашан жоғалмайтынын, қазақ тіліміздің тұғыры жоғарлап, рухы биік болатынына сенеміз. «Тілім менің – өмірімнің айнасы» дөңгелек үстелі мағынасы зор, жастарға ой салатындай деңгейде өтті.

   

Ғылыми кітапхана