Taylor & Francis шетелдік базасының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігі ұсынылады

    Ғылыми кітапхана Taylor & Francis шетелдік базасының ресурстарына тегін тестілеу қолжетімділігін ұсынады.

     Электронды кітапхана жүйесінің ресурстары https://www.tandfonline.com/ сайты арқылы 18.02.–20.03.2020 жж. аралығында қолжетімді.

     Кіру мүмкіндігі университеттің IP-адресімен жасалынады. 

     Taylor & Francis Group баспасы – әлемдегі жетекші ғылыми кітаптардың, оқулықтардың, анықтамалық және журналдардың баспаларының бірі, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдарының барлық салаларында түрлі зерттеулер басып шығарады.

     Негізгі жинақ – Science and Technology 500-ден астам журналдар мен 770 мың мақалаларды қамтиды.

    T&F өкілдері вебинарды (ағылшын тілінде) өткізуге дайын, онда олар ресурстар туралы толық ақпарат береді, оны қалай пайдалану керектігін көрсетеді.

     «Ғылым және технологиялар» кітапханасында химия, биология, жер туралы ғылым, экология, тамақтану, машина жасау, деректерді өңдеу және технологиялар, математика статистикасы, физика пәндері бойынша зерттеулер мен оқытуға қажетті материалдар бар.

   Журналдар тізімі

Ғылыми кітапхана