2019 жылдың 05 сәуірі күні ғылыми кітапхана «Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығының жоспарына сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көрсетілген көкейкесті мәселелердің бірі – латын әліпбиіне көшу жұмыстарын бастау жөніндегі тапсырмасына орай «Латын әліпбиі – рухани Тәуелсіздігіміздің тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған кітапханашылар, тіл мамандары және студенттер қатысты.
Бірінші курс студенттері Б.Арманов «Латын әліпбиі – Тәуелсіздік тұғыры», Б.Нәмет «Латын әліпбиіне көшу– тіліміз үшін жасалған игі қадам», А. Абдрахманова «Латын әліпбиі – болашағымызға бастар жол», А. Сарман «Латын әліпбиі – тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз» тақырыптарында баяндамалар жасады, ал Х. Шәріпжан, Д.Нұрақынова, З. Қуанышқызы, Г.Алибекова, К.Жолдыбай осы тақырыптарға сәйкес өз пікірлерін ортаға салды.
Модератор Ж.Абатова латын графикасын пернетақтадан жылдам терудің әдістерімен таныстырды.
Іс-шара барысында студенттерге, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы түсіндірілді латын әліпбиіне көшудің тиімді жағымен қатар күрделілігі жөнінде, бұл мәселелерді осы кезден жан-жақты ойластырып, үлкен жұмыс атқарылуы керек екендігі айтылды.
Осы іс-шарасына 63 оқырман қатынасты, белсенділік көрсеткен 8 студенттер мен 3 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.