«Онлайн басылым – 2019. Бүгінгі күннің 100 жаңа кітабы» интернет шолу

2019 жылдың 8 сәуірінде ғылыми кітапхана электронды оқу залында «Заманауи студент өміріндегі кітап пен оқу» айлығының жоспары бойынша «Онлайн басылым – 2019. Бүгінгі күннің 100 жаңа кітабы»  интернет шолу өтті. Оған кітапханашылар, оқытушылар және студенттер қатысты.

Іс-шараның модераторы автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж. Абатова ғылыми кітапхана сайтымен таныстырып, университетіміз ақылы түрде жазылған онлайн басылымдарының отандық және шетелдік нұсқаларының функцияларымен таныстырып шықты. Таныстыру барысында студенттерге практика жүзінде іздеу процесстерін көрсетті.

Сонымен қатар, «Бүгінгі күннің 100 жаңа кітабы» тақырыбында кітапханаға келіп түскен 19 кітаптың электронды нұсқаларымен ғылыми кітапхананың жетекші кітапханашысы А.Айтуарова таныстырып шықты.

Студенттердің кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында және жан-жақты білімдерін тексеру мақсатында инттеллектуалды ойын түрінде болған викториналық сұрақтар қойылды.

Студенттер іс-шараға белсенділікпен, қызығушылықпен қатысып отырды. Іс-шараға барлығы 38 оқырман қатысты, белсенділік көрсеткен 10 студенттер мен 1 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.