2019 жылдың 11 сәуірі күні ғылыми кітапхана «Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығының жоспарына сәйкес, «Мен оқыған қызық кітап» атты диспут пен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы кітапханашы Сыдықова Ұлжалғас айтып өтті.
«Мен оқыған қызық кітап» диспутында С. Әбдірайымұлының «Мансап пен махаббат» аудармаларын Қазыбекова Мәншүк Нұрпейісқызы аға оқытушы, Ә. Әзиевтің «Ұлы дала ұлағаттары» (Абылайханнан Нұрсұлтанға дейін), Төлебаев Нұржан Серікұлы зертхана меңгерушісі, студенттер: Дүйсен Ерғалым Қабдеш Жұмаділовтың шығармалар жинағын, Жантілеу Айнұр А.Бақтыгереева «Ақ шағала»,К.Ахметова «Махаббат» өлеңдер жинағын, Әсем Сұлтанова Сәкен Жүнісовтың «Ақан Сері» романын, Меруерт Нұрлыбекқызы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологын, Айман Нұрсадық Уильям Шекспирдің «Гамлет Принц Датский. Король Лир» трагедиясын оқып шыққаннан кейінгі алған керемет әсерлері туралы ойларымен бөлісті.
Шараның мақсаты – оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйрету.
Іс-шарасына 58 оқырман қатынасты, белсенділік көрсеткен 14 студенттер мен 4 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.