2019 жылдың 12 сәуірі күні ғылыми кітапхана «Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығының жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру: Абай әлемі» атты университеттің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен әдеби кешін өткізді.
Абай әлемі тұңғиық. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. “Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – деп кемеңгердің өзі айтқандай, Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.
Абай ең алдымен ел болуды, қазақтың қатардан қалмауын аңсады. Иә, Абай арманы орындалды. Тәуелсіздік алдық. Ел қатарына қосылдық. Іргелі мемлекет құрудамыз. Әлем қауымдастығына мүше болдық. Дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деген мақсатымыз да Абай арманымен ұштасып жатыр.
«Абай әлемі» іс-шарасының мақсаты студент жастар арасында ақынның өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдіру, Абай ойларын жастарымыздың бойына сіңірудің тура жолын іздестіру, қалыптастыру. Сонымен қатар, жалпы кітапқа құштарлық, кітапты оқуға деген құмарлықты күшейту болды. «Рухани жаңғыру: Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрме бойынша шолу жасалды. Студенттер ақынның өлеңдерін үш тілде оқыды, поэмаларына, шығармашылығына талдау жасады.
Осы іс-шарасына 47 оқырман қатынасты. Белсенділікпен қатынасқан 9 студент пен 3 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.