«Жырға толы жүрегі» атты поэзия кеші

2019 жылдың 30 сәуірі күні ғылыми кітапхана «Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығының жоспарына сәйкес, арнайы айлықтың қорытынды шарасы ретінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қоғаммен байланыс басқармасының бастығы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі  белгілі ақын, аудармашы, журналист Алмат Исәділдің шығармашылығына арналған «Жырға толы жүрегі» атты поэзия кеші және ақынның шығармашылығына арналған арнайы көрме дайындалып, оқырмандарға автор туралы мол мәлімет ұсынылды.

Поэзия кешінде Нұрсадық Айман, Адилдаева Камшат, Алымхан Нұржан, Атамқұлова Аружан, Сәтбай Мөлдір, Жантілеу Айнұр, Махан Жаныс, Сүйінова Гүлтәжі, Қалшабек Ақлима, Байжұмаш Ержігіт, Ильяс Біржан сынды студенттер мен кітапхана қызметкерлері Хусайн Ақгүл, Күлебай Айнүр және Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Тебегенова Алтынарай ақын Алмат Исәділдің өлеңдерін оқып, ақынның сөздеріне жазылған әндерді бірге қосылып шырқады.


Осы кеште ақын оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, өлеңдерін оқыды.

«Заманауи студент өміріндегі кітап және оқу» айлығы аясында ұйымдастырылған  поэзия кешінің қонағы ақын Алмат Исәділге кітапхана ұжымы атынан Алғыс хат пен сыйлық кітаптар табыс етілді.

Осы іс-шарасына 53 оқырман қатынасты. Белсене қатысқан 13 студентке 2 мұғалім мақтау қағаздарымен марапатталды.